Бүгін мектебімізде ерекше күн болды. Бізде қонақта-Katrin Fox International Baccalaureate (IB) World Schools бағдарламасының аға менеджері. Katrin ханым біздің мектептің оқу үдерісіне терең үңіліп, оқушылардың сабақтарына қатысып, ұстаздармен еркін пікір алмасып, ашық әрі жылы жүздесулер өткіщілді. Бұл бейресми сапар- мектебіміздің халықаралық стандарттарға сай дамып келе жатқанын білдіретін үлкен қадам. Осындай кездесулер білім жолындағы кәсіби серіктестік пен тәжірибе алмасудың алтын көпірі. "Болашақ білімді ұрпақ қолында" десек, дәл бүгін соған тағы бір қадам жасадық.